Бурабай ауданында «Көкше» тауы өртенді
Фото: ТЖМ
Бурабай ауданындағы «Көкше» тауында орман төсемінің жануы тіркелген. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша өрт 18:25-те оқшауланған.
Қазіргі таңда өрт болған жерде облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
«13 шілде күні 16:12-де Бурабай ауданындағы «Көкше» тауында орман төсемі өртенді.
Алдын ала болжам бойынша жану алаңы 0,14 га құрады. Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД, «Бурабай» МҰТП 120-дан астам адам мен техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, өртті сөндіру үшін су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды», делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бейсенбі күні Абай облысының Бородулиха ауданынанда 8 маусым күні тұтанған өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. «Семей Орманы» МОТР ақпараты бойынша бүгін сағат 13-00-де толық өшірілді.