Жаңалықтар

Цукербергтің компаниясы жасанды зерденің коммерциялық нұсқасын әзірлеуде

Енді Meta жасанды зерде бойынша OpenAI мен Google-ге бәсекелес болады. Компания LLaMA тіл моделінің негізінде әзірленген коомерциялық нұсқаны дайындап жатыр деп жазады, Financial Times.

Стартаптар мен өзге де компаниялар жаңа нұсқаны бағдарламалық жасақтама әзірлеу үшін қолдана алады, ал, Meta ChatGPT ботын әзірлеген OpenAI және Bard ботын әзірлеген Alphabet Inc құрамына кіретін Google – мен бәсекелес болады.

Аталған екі чат-бот та генеративті жасанды зерде технолониясын қолданады, оның жұмысы үшін қомақты тіл модельдері қажет.

LLaMA жаңа нұсқасы көпшілік қолдана алатын және бағыттауға ыңғайлы болады деп хабарлады, білетіндер, басылымға. LLaMA ашық база ретінде ұсынылып, өзге компаниялардың қолдануына мүмкіндік беріледі.

Бұған дейін, Microsoft Corp. OpenAI компаниясына 10 млрд доллар инвестиция салғаны хабарланған болатын. Ал, Meta акциялары бейсенбі күнгі сауда саттық алдында 1,5% қымбаттады.