Еуро бір күнде 9 теңгеге көтерілді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстан қор биржасында (KASE) 17:00-дегі сауда-саттықтың жабылуында еуроның теңгеге шаққандағы орташа бағамы бір еуро үшін 495,3 теңге деңгейінде болды, бұл бір күн бұрынғыдан 9,01 теңгеге артық, деп хабарлайды Kursiv. Бұған биржа деректері дәлел.

Еуропалық валютамен операциялар көлемі 2,85 млн теңгеге өсіп, 5,4 млн теңгені құрады. 14 шілдеде Ұлттық банк белгілеген еуроның ресми бағамы өткен күнмен (485,62) салыстырғанда 9,21 теңгеге немесе 1,9%-ға өсті.

Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Алматының ақша айырбастау пункттерінде еуроны орташа алғандағы сатып алу бағамы 492 теңгені, сату бағасы – 497 теңгені құраған. Ал Астанада еуро орташа есеппен 496,5 теңгеден сатылып жатыр, шетел валютасын 490,7 теңгеге сатып алуға болады.

Еуродан бөлек басқа валюталар да теңгеге қатысты өсті. KASE саудасының қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2,9 теңгеге, бір доллар үшін 443,77 теңгеге дейін көтерілді. Ал рубль 0,04 теңгеге көтеріліп, 4,916 теңгеге дейін нығайды. Ұлттық банктің мәліметінше, доллардың ресми бағамы 0,6%-ға немесе 2,85 теңгеге көтеріліп, 443,4 теңгені, рубль 1%-ға немесе 0,05 теңгеге өсіп, 4,92 теңгені құраған.

Сондай-ақ оқыңыз