«Самұрық-Қазына» Үкіметпен және Президент әкімшілігімен тарифтерді көтеру мәселесін талқылап жатыр
«Самұрық -Қазына» тобына кіретін компаниялардың ұсынатын қызметтері мен өнімдеріне тарифті көтеру мәселесі Үкімет және Президент әкімшілігімен бірге талқыланып жатыр. Бұл туралы ақпарат құралдарына арналған брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қордың басшылығы Үкіметпен және мемлекеттік органдармен халықтың мүддесін ескеруге мүмкіндік беретін әділ тарифтер енгізу бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр.
«Самұрық-Қазына» басшысының айтуынша, жалпы құны 1,2 трлн теңгеге қор жеңілдетілген тарифтер мен бағалар ұсыну арқылы Қазақстан экономикасын субсидия беріп келді.
«Алайда, бұл тәжірибе үнемі қаржыландырудың жетіспеуіне және тозған инфрақұрылымды реконструкциялауға мүмкіндіктің болмауына алып келді. Қордың басты мақсаты – тарифтердің өсімін мақсатты инфляция көлемінде 10-12% деңгейінде ұстап тұру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету» деді Нұрлан Жақыпов.
Қор басшысының дерегінше, қазіргі уақытта үкіметпен бірқатар компаниялардың ұынатын қызметі мен тауары үшін тарифтерді көтеру туралы келісім жасалды. Олар:
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ (жанар-жағар майдың бөлшек саудада бағасын көтеру);
«QazaqGaz» (газдың көтерме және бөлшек саудадағы бағасын ұлғайту және ірі өндірістік компаниялар мен майнерлер үшін жаңа бағаларды бекіту);
«Самруқ-Энерго» АҚ (электр энергиясын өндіру тарифі);
«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ (магистральды теміржол желісіне тарифтерді көтеру).
Бұған дейін, Үкімет басшысы елімізде тарифтер 10-30% аралығында көтерілетінін мәлімдеген боатын.
Энергетика министрлігі жанар май станцияларынан Аи-95 бағасын көтермеуді сұрап отырғанын хабарлаған еді.