Биыл өткен жылға қарағанда төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 13,3 пайызға азайған. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысында министр Сырым Шәріпхан айтты.
«2023 жылдың өткен кезеңінде қабылданған шаралар нәтижесінде ел бойынша ТЖ-да зардап шеккендердің саны 13,3%-ға, қаза тапқандар саны 8,4%-ға қысқарды», деді министр.
Биылғы жылдың жарты жылдығын қорытындылаған Сырым Шәріпханов соңғы жылдың күрделі болғанын, бірақ министрлік барлық қойылған міндеттерді орындай алғанын айтты.
Атап айтқанда, ТЖМ бөлімшелері 2023 жылдың бірінші жартжылдығында 42 мың рет төтенше жағдайлар орнына шығып, 7 мыңға жуық адамды құтқарған. 7 мыңнан атам адамды эвакуациялап, 2 500-ден астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Сонымен бірге биыл ТЖМ табиғи және техногендік сипаттағы аса ірі төтенше жағдайларға тап болды. Бұл орайда көршілес өңірлерден көмек көрсетіліп, апаттан келген залал мен шығынның азаюына септескен.
Алқа отырысқа Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр да қатысып, жүйелі шешімді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Ол төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қабылдау, төтенше жағдайлардың барлық түрлеріне ден қоюды күшейту, сонымен қатар жылыту және су тасқыны маусымдарына алдын ала дайындалу қажеттігін айтты.