«МӨЭК» АҚ акционерлеріне 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемейді

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

«Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ акционерлеріне 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

«Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ (Ақтау) 2023 жылдың 10 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады”, – деген Биржа компания акционерлері қабылдаған шешімдерді жариялады.

Оның ішінде:

  • компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бекітілді;
  • жай акциялар бойынша дивидендтер төленбейді;
  • компанияның 2 041 166 080 теңге (2 млрд 041 млн 166 мың) мөлшерінде 2022 жылғы таза табысы 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін
    компанияның иелігінде қалдырылады.

«МӨЭК» АҚ Маңғыстау облысында электр қуатын беру және тарату бойынша қызметтер көрсету нарығында үстем компания. Өңірлік электржелілік компания тораптары бойынша тасымалданатын электр қуатының тоқсан пайызын өңірдің ірі мұнай өндіру кәсіпорындары тұтынады.

Бүгінде өңірлік электртораптық компания мәртебесін алу үшін «МӨЭК» АҚ өңірлік диспетчерлік орталықты салу бойынша жобаны жүзеге асыруда, ол «МӨЭК» АҚ-на Қазақстанның Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінде қуат теңгерімін сақтау үшін электр қуатының теңгерімдеуші нарығында қатысуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз