Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы елімізде құрастырылған көлік бағасының қымбаттауына түрткі болды – БҚДА

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Автокредиттеу қызметтері нарығын талдау Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.

Агенттік дерегінше, жалпы, 2015 жылдан бастап жеңілдікті автокредиттеуді қаржыландыру бағдарламаларының бірқатар проблемалық аспектілері болды.

«Автокредиттеуді жеңілдетілген қаржыландырудың негізгі проблемасы автомобильдерге сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуіне байланысты. Сұраныстың артуына байланысты жеңілдікті бағдарламаларды тоқтата тұруға тура келді, себебі бөлінген қаражат таусылды», делінген есепте.

Осының салдарынан қарыз алушы револьверлік қаражаттың түсуін күтіп, банкте өтінімді қарауға ұзақ уақыт кезекте тұруға мәжбүр болды.

Бұл жағдай пандемия кезеңінде логистикалық маршруттардың ұзаруына, сондай-ақ елімізде құрастырылған автомобильдерді сатуды жүзеге асыратын автодилерлердің қосымша жабдықтарды күштеп таңу практикасына негізделген құрамдауыш қосалқы бөлшектерді ұзақ уақыт жеткізумен күрделене түсті» делінген ақпаратта.

Cонымен бірге, Агенттік мемлекеттік қолдау шарасы елде құрастырырылған автомобильдер бағасының өсу тәуекелдерін тудырады деп санайды. Айталық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес 2022 жылғы I тоқсанда елде құрастырылған жеңіл автомобильдер бағасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті.

Бәсекелестікті дамытуға кедергілер

Талдау нәтижелері бойынша Агенттік бәсекелестікті дамыту үшін мынадай кедергілерді анықтады:

1) автоөндірушілер мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы бәсекелестік қаржыландыру лимиттерінің алдын ала бөлінуіне байланысты алып тасталды, осының салдарынан тұтынушының сапалы тауарды таңдауы шектелді;

2) коммерциялық сегменттегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер, қаржы ұйымын күштеп таңу тәуекелдері, сақтандыру ұйымын шектеулі таңдау.

Үкіметтің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысымен бекітілген қаржыландыруы қағидалары шеңберінде халықтың сұранысын ынталандыру жолымен автокөлік құралдарын жаңарту үшін 100 млрд. теңге бөлінді.

Аталған 604 Қағидаларға, Өнеркәсіптік кәсіпорындар комиссиясының 2022 жылғы 13 мамырдағы хаттамасына сәйкес «Сарыарқа автопром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС арасында 58,4 және 41,6 млрд. теңге мөлшерінде қаржыландыру лимиттері белгіленді.

Ақшалай қаражатты бөлудің көрсетілген тетігі екінші деңгейдегі банктердің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кредиттеуі арқылы жүзеге асырылды.

«Жасыл Даму» АҚ екінші деңгейдегі банктерге одан әрі кредит беру үшін 0,1% сыйақы мөлшерлемесі бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға (бұдан әрі – ӨДҚ) 100 млрд. теңге мөлшерінде қарыз берді.

Екінші деңгейдегі банктерге қарыз беру кезіндегі ӨДҚ шарттарының бірі Қазақстан Республикасы бойынша филиалдық желінің болуы талап етілді. Бұл талап қатысушылардың құрамын шектеді («Фридом Финанс Банк» АҚ бұл талапқа сәйкес келмеді).

Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 1% сыйақы мөлшерлемесімен 30 жылға арналған ұзақ мерзімді қарыз шартын жасасу арқылы арасында екінші деңгейдегі 4 банк 100 млрд. теңгені бөлді «Еуразиялық Банк» – 35 млрд. теңге, «Банк Центр Кредит» АҚ – 27,5 млрд. теңге, «Халық Банкі» АҚ – 22,5 млрд. теңге және «Форте Банк» АҚ – 15 млрд. теңге.

Бұл ретте, қарыз шарттарына сәйкес ӨДҚ әрбір автоөндірушіні қаржыландыру лимиттерін айқындады, бұл аталған екінші деңгейдегі банктер арасындағы бәсекелестікті болдырмайды.

2022 жылы «Еуразиялық банк» АҚ және «Банк Центр Кредит» АҚ-ның нарықтық үлесі 4% мөлшерлеме бойынша бастапқы жарнасыз жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасына қатысу есебінен ұлғайды.

Сонымен қатар, практика банк қарыз берген кезде онымен үлестес компанияның сақтандыру өнімдері тартылатынын көрсетті. Мысалы, «Еуразиялық банк» АҚ «Еуразиялық банк» АҚ автокредиттеу шеңберінде берілген көлік құралдарының көп саны онымен үлестес «Еуразия СК» АҚ арқылы сақтандырылған.

Осылайша, автокредиттеу қызметтері нарығында шоғырланудың төмен деңгейі байқалады, бұл ретте жекелеген ойыншылардың нарықтық жағдайы өздерінің цифрлық платформаларын кеңейту есебінен күшейтіледі, нәтижесінде коммерциялық сегментте жоғары пайыздық мөлшерлемелер, қаржы ұйымын таңдауда шектеу тәуекелдері байқалады.

Сондай-ақ оқыңыз