15 шілде күні, Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар). Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.
Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары : облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді.
Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді.
Қазіргі уақытта «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды.
Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м /с.
Өрттің жанында қазіргі уақытта «Шошқалы» демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.