Астанада су қоймасын тазарту жұмыстары басталды

Жарияланды
вода
Фото: Pixabay.com

Астанада тазалау жұмысын бастамас бұрын, алдымен, арнайы сүңгуірлер су түбінде нақты не жиналғанын анықтаулары тиіс, яғни, жұмыс барысы кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мамандардың айтуы бойынша, климаттық жағдайға байланысты, балықтың уылдырық шашу кезеңін ескере отырып, тазарту процесі кемінде 10 жылға созылуы мүмкін деп болжайды.

Себебі, 1 жылда 5 айдай ғана жұмыс істеуге мүмкіндік болады.

1970 жылы салынған Астана су қоймасына осы уақытқа дейін тазарту жұмысы жүргізілмеген. Ол елордамызды ауыз сумен қатамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Қойманың жалпы көлемі 410,9 млн текше метр. Қазіргі көлемі 312,36 млн текше метр. Осыдан екі жыл бұрын, Қазгидромет мекемесі батиметрикалық түсірілім жасап, қойманың 46,7 млн текше метрі тұнба екенін анықтады. Бұл – су қоймасының 30%-і. 2023 жылы суға деген сұраныс – 97 млн текше метр. Оның 46 млн текше метрі қолданылды, жылдың соңына дейін қосымша 51 млн текше метрге сұраныс бар. Астана халқының саны жылдан жылға өсіп, тұтыну көрсеткіші ұлғайғанын ескере отырып, қойманы тереңдету, тазалау бойынша қос жобаны қолға алмақ. Себебі, 2030 жылы Астана халқы 2 млн-ға жеткен жағдайда, 150 млн текше метр су қажет болады.

Сондай-ақ оқыңыз