Баянауылдағы дала өртін сөндіруге жүзден астам адам жұмылдырылды

Жарияланды
пожар

Тілсіз жаудан болжам бойынша 800 гектар жердегі құрғақ шөп жанды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 14 шілдеде сағат 12:45-те Баянауыл ауданында, Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта өрт шыққаны туралы хабарланған

«Өрт Баянауыл ұлттық паркі аумағына өтті. Долинское орманшылығында 20 гектар жерді және 115, 117, 118 кварталдарын қамтыды. Жалын ТЖД күштері мен құралдарының арқасында оқшауланды», – делінген хабарламада.

Тілсіз жауды өшіруге жеке құрамның 27 адамы және 7 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 40 адам және 13 бірлік техника, ЖЗҚ-дан 55 адам және 11 бірлік техника және жергілікті атқарушы органдардан 8 адам және 4 бірлік техника қатысты. 

ТЖД қызметкерлері барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, әсіресе орман және ауыл шаруашылығы аудандарында. 

Сондай-ақ оқыңыз