Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты ақшалай мәнде 45%-ға артты
2023 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты ақшалай мәнде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға немесе 2,79 млрд доллардан 4,04 млрд долларға дейін (+45%) өсті. Бұл туралы «Ведомости» басылымы хабарлады.
2023 жылдың бес айында Ресеймен тауар айналымының жалпы көлемі 10,5 млрд долларға жетті (2022 жылдың осы кезеңінде 9,59 млрд доллар). Бұл кезеңде Қазақстанның тауар айналымындағы Ресейдің үлесі 18,6%-дан 18,8%-ға өсті. Жалпы, 2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 10,5%-ға артып, 11,43 млрд долларды құрады (2022 жылдың бес айында 10,34 млрд доллар).
Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында (2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі 14,77 млрд доллармен салыстырғанда) 13,35 млрд долларға дейін төмендеді. Қазақстанның экспортындағы ЕО үлесі 43,2%-дан 42,3%-ға төмендеді.
2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның ЕО-мен сауда айналымы 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі 17,15 млрд доллардан 17,7 млрд долларға дейін өсті. Бұл ЕО-дан импорттау есебінен тіркелген дерек, ол 2022 жылдың алғашқы бес айында 2,38 млрд доллардан 4,35 млрд долларға дейін өсті. Ал оның үлесі ақшалай мәнде 13,6%-дан 19,1%-ға дейін артты.
Қазақстаннан Ресейге қаңтар-мамыр аралығындағы экспорттың физикалық көлемінің көрсеткіштері әлі жарияланған жоқ.
Сарапшылар Қазақстанның сыртқы нарықтардан тауар импорттау хабы ретіндегі маңыздылығы артып келе жатқанын айтуда.