Түркіменстан соңғы 17 жылда алғаш рет халқының санын жариялады

Жарияланды

Түрікменстанның жалпы халқының саны 7 миллион 57,8 мың адамды құрады, деп хабарлады Turkmenportal басылымы.

Мемлекеттік статистика комитетінің төрағасы Довлетгелди Аманмұхамедов 2023 жылғы 14 шілдеде былтырғы 17 желтоқсанда жүргізілген жалпы халық санағының қорытындысын жариялады.

«2022 жылдың 17 желтоқсанындағы жағдай бойынша ел халқының жалпы саны 7 миллион 57 мың 841 адамды құрады», – деді жұма күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында халық санағы туралы баяндама жасаған Комитет төрағасы.

Санақ мәліметтері бойынша, халық ең тығыз қоныстанған өңір – Мары велаяты (облысы) – 22,9% болды. Екінші орында Дашогуз велаяты – 22%. Шығыс Лебап велаятында ел халқының 20,5%-ы тұрады. Халықтың 14,6%-ы Ашхабадта, 12,5%-ы орталық Ахал велаятында, 7,5%-ы елдің батысындағы Балқан велаятында тұрады.

Мемлекеттік статистика комитетінің төрағасы атап өткендей, ел халқының 50%-ға жуығы ерлер, 50%-дан астамы әйелдер, 47,1%-ы қала тұрғындары, 52,9%-ы ауылдарда тұрады.

Ол сондай-ақ цифрлық технологиялар арқылы халық санағына дайындалу және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленгенін және БҰҰ Халық қорының сарапшылары тарапынан жоғары бағаланғанын атап өтті.

Бұған дейін Түркіменстанда халық санағы 2012 жылдың желтоқсан айында жүргізілген болатын. Оның қорытындысы 2014 жылдың басында хабарлануы керек еді. Бірақ аталған деректер сол күйі жарияланбады.

Countrymeters сайтының мәліметі бойынша, 2022 жылдың 20 желтоқсанында Түркіменстан халқының саны 6 миллион 215 мыңнан астам адамды құрады. 2022 жылы ел халқының саны шамамен 84 000 адамға өсті. Жалпы халықтың 49%-ға жуығы ерлер, 51%-ы әйелдер болған.

Көптеген елдерде халық санағын жүргізу Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің халықты орналастыру бөлімінің әдістемелеріне негізделеді.

Сондай-ақ оқыңыз