Павлодар облысында «Ертіс орманы» өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрттің ауданы шамамен 850 га құрайды

Жарияланды
пожарный
Фото: ҚР ТЖМ

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 329 адам, 101 бірлік техника (ТЖМ 161 адам ж/қ, оның ішінде Павлодар облысының ТЖД 40 адам ж/қ; 24 бірлік техника, Астана қ. ТЖД 67 адам ж/қ, 15 бірлік техника, Қарағанды қ. ТЖД 33 адам ж/қ және 6 бірлік техника, ШҚО ТЖД 21 адам ж/қ және 5 бірлік техника; «Ертіс орманы» 32 бірлік техника, 130 адам, ПД 4 бірлік техника және 8 адам ж/қ, ЖАО 26 адам және 13 бірлік техника, Қазақстан Алюминийі 4 адам ж/қ және 2 бірлік техника) және 2 борт (МИ-8 және ТЖМ Еврокоптер) жұмылдырылды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша сағат 5.13-те Семей қаласынан Қорғаныс Министрлігінің Ми-17, Ми-171 ұшақтары келді.

Сағат 7.30-да ТЖ Министрі және облыс әкімі орманшылықтар аумағын әуеден тексеріп өтті.

Өрттің белсенді фазасы Бауыртал орманшылығының 98 кварталында, онда өрт кей жерлерде төменнен жоғарыға ауысып тұр.

Жұмылдырылған ресурстармен өртті қайта болдырмау мақсатында өрттің шоқтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз