Қарағанды қаласының шекарасы ұлғаюы мүмкін

Жарияланды

 Қарағанды қаласының шекарасын Бұқар жырау ауданының 281 гектар жерін қосу арқылы кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша Қарағанды қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасына Бұқар жырау ауданы жерінің 281 гектар бөлігін қосу арқылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары өзгертілсін», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкім қаулысы мен қалалық маслихаттың бірлескен шешімінде.

Құжат 26 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Сондай-ақ оқыңыз