Қарағанды қаласының шекарасын Бұқар жырау ауданының 281 гектар жерін қосу арқылы кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша Қарағанды қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасына Бұқар жырау ауданы жерінің 281 гектар бөлігін қосу арқылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары өзгертілсін», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкім қаулысы мен қалалық маслихаттың бірлескен шешімінде.
Құжат 26 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.