Жыл басынан бері еліміздің 9 облысында өрт оқиғалары жиі тіркелген

Жарияланды
пожар
Фото: ҚР ТЖМ

  Биыл еліміздің 9 облысында өрт оқиғалары жиі тіркелген. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Өрттердің саны Абай облысында 90,4%-ға, Батыс Қазақстанда -42,4%, Қостанайда – 38,5%, Жамбылда – 34,9%, Ұлытау облысында – 22,8%, Ақтөбеде – 18,4%, Қызылордада – 17%, Жетісуда – 3,7% және Алматы облысында 42%-ға өскені байқалды», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында.

Бұл ретте өрт оқиғалары Қарағанды (-18,5%), Солтүстік Қазақстан (-12,5%), Маңғыстау (-8,3%), Павлодар (-8,3%), Шығыс Қазақстан (-7,2%), Ақмола (-4,3%) облыстары мен Алматы қаласында 12,8%-ға азайған.

Сондай-ақ оқыңыз