Фото: Абай облысы әкімдігі
Абай облысының Көкентау округінде құрғақ шөптің жануы басылды, өртенген аумақ 3 мың гектарды құрады, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«2023 жылдың 17 шілде күні 07:14 – минутта Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды. Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес өрт аумағы – 3 мың га. Қазір толықтай сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ», деп хабарлайды баспсаөз қызметі.
Өртті жоюға жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылған.
Өрт 2023 жылдың 15 шілде күні басталған. Сол күні Семей қаласынан 75 км жерде Көкентау ауылдық округінде таулы жерлерде құрғақ шөптің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Абай облысының Бородулиха ауданында 8 маусымда басталған орман өрті 13 шілде күні толық сөндірілді.
14 шілдеде сағат 12:45-те Баянауыл ауданында, Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта өрт шыққаны туралы хабарланды.
Ал Атырауда қамыс өртеніп жатыр. Өрттің жалпы аумағы 830 га құрады.