Тарифтер өзгермейді: Алматы автотұрақтары қала меншігіне қайтарылды

Жарияланды
парковки
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылды, Алматыда ақылы тұрақтар бойынша ақпараттық тақтайшалар ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметі.

«Алматыда бірыңғай оператор – «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Коммуналдық кәсіпорынның бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанға дейін бұрын қаланың автотұрақтарын басқарған «А – parking» компаниясы өз қызметін жалғастырып, төлемдерді қабылдайды. Осы кезеңде жиналған барлық қаражат бірыңғай оператордың шотына берілетін болады», делінген хабарлмада.

Сонымен бірге баспасөз қызметі автотұрақтарды енгізу әр аудан бойынша кезең-кезеңмен, жеке жүзеге асырылатыны хабарлайды. Алғашқы автотұрақ Медеу ауданында жұмыс істей бастайды.

«Бүгінде тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда жерді қайта ресімдеу жұмыстары аяқталды. Медеу ауданында жаңа операторды көрсете отырып, ақпараттық тақтайшаларды ауыстыру басталды. Бақылау тақталары сонымен қатар аймақ нөмірін, тұрақ уақытын және төлем әдістерін көрсетеді. Жаңа ақпараттық тақтайшалары бар аудандар фото-бейнетіркеудің мобильді кешендерімен бақыланатын болады. Жаңа плиткалар мен аймақтар белгіленбеген жерлерде төлем уақытша алынбайды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

2023 жылдың 11 тамызынан бастап автокөлік иелері тұрақ ақысын SMS арқылы және Qiwi, Каssa24 терминалдары арқылы төлей алады. Тұрақтарда қазіргі тарифтер сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз