Жаңалықтар

«Алтын орда» базары маңынан бір апта ішінде кем дегенде 10 тонна қоқыс шығарылады

уборка
Фото: КазАвтоЖол

«Алтын Орда» базарының маңындағы жолдың тазалығына жауапты мамандар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Жолда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, күтіп-ұстау жұмыстары атқарылуда. 4 бірлік арнайы техника мен 10 маман жұмылдырылды.

Бұл аралықта жұмыс күндері тәулігіне 45 мыңнан астам көлік жүретінін ескерген маңызды. Сонымен қатар жол бойында бірқатар ірі базарлар мен сауда орталықтары орналасқан. Жолды күтіп-ұстау жұмыстары, оның ішінде қоқыс жинау жұмыстары да күн сайын жүргізіліп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ Алматы облыстық филиалының ақпаратына сәйкес, қызметкерлер осы учаскеден бір апта ішінде кем дегенде 10 тоннаға жуық қоқыс шығарады (Алматы-Бішкек тасжолының 16-21 шақырымдары аралығы).