Жаңалықтар

«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша лизинг алуға өтініш қабылдау қайта басталды

7 млрд теңге мөлшерінде қаражаттың бос қалдығы қалыптасуына орай, KazAgroFinance «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша лизинг беруге өтініштер қабылдайды

Компания ақпаратына сәйкес, биыл «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын жүзеге асыруға 15 млрд теңге бөлінді. Алайда,кКлиенттердің бұрын берілген өтінімдер бойынша құжаттарды ұсынбауына, сондай- ақ өтінім беру кезінде дұрыс емес деректердеі енгізуіне байланысты бөлінген лимит толықтай игерілмеген.

Сондықтан, 24 шілдеден бастап  отандық өндірістің/құрастырудың ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау қайта басталады. Негізгі шарттары мынадай:

лизинг нысанасы: отандық өндірістің/құрастырудың аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін а/ш техникасы;
мөлшерлеме – жылдық 6% ;
лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
аванс – лизинг нысанасы құнының 15% – от бастап;
қамтамасыз ету – қажет емес;
қаржыландыру лимиті -120 млн теңгеден аспайды және лизинг затының 2 бірлігінен аспайды.

Клиент Telegram – bot -қа өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ҚазАгроҚаржы филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет .

Сондай-ақ, KazAgroFinance мал азығын қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және «жасыл өнім» бағдарламасына бағытталған «өз жем-шөбін», әлеуметтік- маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыруға бағытталған жылдық 6%-бен несиелеуге өтінімдер қабылдау жалғасып жатқанын ескертеді.