Kcell/activ ұялы операторлары ұсынатын мобильді интернет толықтай қалпына келтірілді.
Еске саламыз, 17 шілде күні таңертең Астана қаласының және өзге де бірқатар өңірлердің тұрғындары әлеуметтік желілерде аталған байланыс операторлары ұсынатын мобильді интернет жұмыс істемей тұрғанын айтып, жаппай шағымданған болатын.
Kcell компаниясы да байланыстың нашарлағанын мойындаған еді.
«Қазақстанның шығыс және солтүстік өңірлеріндегі бірқатар қалада мәліметтерді беру қызметі жоғалып кеткенін анықтадық. Қазіргі уақытта мамандарымыз, тез арада сервистің жұмысын қалпына келтіру үшін, оның себебін анықтап жатыр», деп хабарлаған еді компания мамандары.
Бірнеше сағаттан кейін, Kcell мобильді интернет сервисі қалпы келтірілгенін мәлім етті.
«Сағат 10.00 -де Астана мен бірқатар өзге қалаларда мәліметтерді беру қызметінің істемей тұрғанын байқаған Kcell/activ абоненттері үшін сервистің қызметі қалпына келтірілді. Техникалық проблемаға тап келген барлық абонентке 10Гб көлемінде интернет трафик бонусқа беріледі», делінген компания таратқан хабарламада.