«ҚазТрансОйл» құбырлары арқылы мұнай тасымалдау 7%-ға артып, ішкі сұраныс үшін жеткізу көлемі кеміген
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың І жартыжылдығының өндірістік қорытындысын шығарды. Осы аралықта компанияның магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша тасымланданған өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға ұлғайып, 21 млн 353 мың тоннаны құрады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Алайда, осы мерзім ішінде компанияның еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарына өнім жеткізу көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 214 мың тоннаға кеміген. Жалпы көрсеткіг 8 млн 816 мың тоннаны құрады.
«Оның ішінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-на 2 млн 857 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-на 2 млн 767 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай – химия зауыты» ЖШС-на 2 млн 776 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-на 415 мың тонна мұнай жеткізілді», делінген хабарламада.
«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 945 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жарты жылдығының көрсеткішінен 713 мың тоннаға көп.
Қазақстан аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 5 млн 454 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 мың тоннаға көп.
«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 5 млн 509 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2022 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіш 204 мың тоннаға кеміді.
«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 190 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 640 мың тоннаға артық.
Ақтау портындағы танкерлерге «ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып мұнай құю 1 млн 639 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 583 мың тоннаға артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 16 млрд 808 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы І жартыжылдықтың көрсеткішінен 79 млн тонна-километрге көп. «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 21 млрд 535 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 196 млн тонна-километрге кем» делінген хабарламада.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 9 млн 287 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 440 млн мың тоннаға кем. Мұнайдың жүк айналымы 8 млрд 331 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы I жартыжылдықтың нәтижесінен 595 млрд млн тонна-километрге кем.
«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 731 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109 мың тоннаға артық. Мұнайдың жүк айналымы 44 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 102 млн тонна-километрді құрады.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 778 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 275 мың тоннаға аз.
Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбыры бойынша «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС 14 млн 107 мың текше метр тұщы су берілді, 2022 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемінің азаюы 597 мың текше метрді құрады.