Тоқаев жұмыс сапарымен Сауд Арабиясы Корольдігіне барады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы алдағы екі күнде жұмыс сапарымен Сауд Арабиясы корольдігіне барады. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады. Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған».», делінген хбарламада.
Мемлекет басшысы 3 маусым күні Түркияға мемлекеттік сапармен барды.
17 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келіп, сапар барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылады.