31 трлн теңге: еліміз банктеріндегі депозиттердің көлемі тарихи максимумға жетті

Жарияланды

Ұлттық банктің дерегінше, елімізде биылғы маусым айында депозиттердің көлемі 31,2 трлн теңгеге жетті. Бір ай ішінде көрсеткіш 589 млрд теңге немесе 1,92%-ға өскен.

Бұл 1997 жылғы желтоқсан айынан бергі ең жоғары мән. Соңғы рет 2022 жылдың желтоқсан айында салымдар бойынша тарихи көрсеткіш жаңаланған болатын.

Айта кету керек, бір ай ішінде депозиттердің суммарлық ақшалай көлемі 1 трлн теңгеден аса ұлғайған (+4,64%) және 22.96 трлн теңгені құрады. Ал шетелдік валютада көрсеткіш үшінші ай төмендеп келеді.

Маусым айында ол 431 млрд теңгеге азайып, 8,25 трлн теңгеге (-4,96%) жетті. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап ұлттық валютадағы салымдардың шетелдік салымдарға арақатынасы өзгерді. Егер жарты жыл бұрын депозиттердің 68,4% теңгемен болса, маусым айында көрсеткіш 73,5%-ға жетті.

Сондай-ақ оқыңыз