Еліміздің екінші деңгейлі банктерінде 4,3 млрд қолма-қол рубль жинақталған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері мен айырбастау пункттерінде 4,3 млрд қолма-қол рубль жинақталған, деп хабарлайды Ұлттық банк.

«2023 жылғы 1  шілдедегі жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде қалған қолма-қол рубльдердің қалдығы шамамен 4,3 млрд рубльді құрайды. Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі. Ол қолма-қол Ресей рублін екінші деңгейлі банктер арқылы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беруді көздейді. Бұл қаулыны ҚР Үкіметі 2023 жылғы 11 шілдеде бекітті», делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз формаға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында рұқсат етілген.

Еске сала кетсек, 22 мамыр күні «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылған болатын.

Ал 23 мамыр күні Ұлттық банк Рубльді экспорттау – шетел валютасына қатысты теңгерімсіздікті жоюға бағытталғанын мәлімдеді. Онда банктерге Қазақстаннан қолма-қол рубльді әкетуге рұқсат беру қолма-қол шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті тегістеуге бағытталған алдын алу шараларының қажеттілігінен туындап отырғаны айтылды. 

11 шілдеде Үкіметтің қаулысы жарияланып, еліміздің екінші деңгейлі банктеріне Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат берілді.

Сондай-ақ оқыңыз