Тимур Құлыбаевқа қатысы бар деп саналатын Nostrum Oil & Gas PLC 20 млн долларға «Позитив Инвест» ЖШС-нің 80% үлесін сатып алу туралы мәміленің аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы Лондон қор биржасының сайтында жарияланған ақпаратта жазылған.
«Позитив Инвест» Қазақстанның солтүстік-батысындағы «Степной барыс» кен орнының жер қойнауын пайдалану құқығына ие компания.
«Біз «Позитив Инвест» акцияларының бақылау пакетін сатып алу аяқталғанын хабарлаймыз және белгілі бір шартты ресурстарды дәлелденген қорларға қайта жіктеуге мүмкіндік беретін және коммерциялық тұрғыдан тиімді игеру схемаларын анықтауға көмектесетін бағалау бағдарламасын іске қосуды асыға күтеміз. «Степной барыс» кен орны бірінші дәрежелі технологиялық инфрақұрылымымыздан батысқа қарай шамамен 100 шақырым жерде орналасқан, бұл топтың тез таусылып бара жатқан «Чинаревское» ресурстық базасын толықтыра алатын тартымды жоғары жоба», – деді Nostrum бас директоры Арфан Хан хабарламада.
Басшылықтың бағалауы бойынша, «Степной барыс» кен орындарында 50-ден 150 млн мұнай эквивалентінің барреліне дейін қайтарылатын шартты ресурстар бар деп есептеледі, оның 20%-дан астамы сұйық көмірсутек деп бағаланады.
«Кеңес кезінде 100-ден астам ұңғыма бұрғыланған лицензиялар бойынша сегіз кен орны бар, бұл көмірсутектердің бар екенін растады. Бағалау мен игеруге бойынша тәуекелдерге байланысты ресурстарды басшылық шартты деп санайды, ал кен орындарын бұрын тиісті инфрақұрылымның болмауына байланысты ішінара дамымаған», – деп жазылған хабарламада.
Nostrum енді кейбір көмірсутегі ресурстарын қорларға қайта жіктеуге мүмкіндік беретін техникалық сараптама қорытындысын дайындау үшін бағалау бағдарламасын іске қоспақ ниетте екені ахабарлады.
«Позитив Инвест» активтерін сатып алу Nostrum-ға аймақтағы қосымша ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді, оны компанияның газ өңдеу зауыттарында өңдеуге болады. Компанияның филиалы «Позитив Инвест» келісімшартының операторы болады», – деп хабарлады компания.
Хабарламаға сәйкес, «Степной барыс» кен орындары Nostrum-ның «Чинаревское» кен орнынан батысқа қарай шамамен 60-120 шақырым жерде және «Белес» мұнай және конденсат экспорттау терминалынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан.
Nostrum және «Позитив Инвест» келісім-шарт бойынша сегіз кен орнының әрқайсысының даму жоспарларын анықтау және оларды Nostrum компаниясының қолданыстағы жобаларымен байланыстыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне бекітуге жібереді, осылайша кен орындарының экономикалық тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілмек.
«Степной барыс» – бұл біріктіретін екі лицензияланған аумақтағы сегіз көмірсутек кен орны. Кеңес Одағы кезінде осы сегіз кен орнында 100-ден астам ұңғыма бұрғыланды, шамамен 3000 метр тереңдікте көмірсутектің бар екенін расталды. Алайда қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан барлау жүргізілмеді. Кен орындарынан көмірсутектерді бағалау, игеру және өндіру жөніндегі «Позитив Инвест» келісімшартының мерзімі 2044 жылдың желтоқсанында аяқталады.
Nostrum Oil & Gas Plc – мұнай мен газ өндірумен, сондай-ақ Каспий бассейніндегі мұнай және газ кен орындарын барлаумен және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы. Nostrum – «Жайықмұнай» Қазақ ЖШС-нің бас компаниясы.
«Жайықмұнай» ЖШС – мұнай және газ конденсатын барлау, өндіру және сатумен айналысатын мұнай-газ компаниясы. Компания игеріп жатқан лицензиялық аумақ мұнайға бай Каспий ойпатының солтүстік бөлігіндегі «Чинаревское» кен орнын қамтиды. «Чинаревское» кен орны Батыс Қазақстан облысында Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекарасына жақын және бірнеше ірі құбырлардың жанында орналасқан.
Еске сала кетсек, бұған дейін 2023 жылғы 13 наурызда Қазақстан қор биржасы NOSTRUM OIL & GAS Қазақстанның солтүстік-батысындағы мұнай-газ активтерін сатып алуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.