Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» инновациялық диагностикалау жобасын іске қосты

Фото: kursiv.media

«Самұрық-Қазына» қоры кәсіпорындарды инновациялық және технологиялық диагностикалау бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Жобаны «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының мамандары жүзеге асыруда.

Мұндай диагностиканы алғаш енгізген кәсіпорын – Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай компаниясы саналатын «Қазақ Ойл Ақтөбе» ЖШС. «Самғау» ОКЖ қызметкерлері Әлібекмола және Қожасай кен орындарына тартылған мамандармен бірге өндірістік процестердің ерекшеліктерін зерттеп, кәсіпорынның технологиялық міндеттерін анықтайды.

Инновациялық-технологиялық диагностиканың мақсаты – ғылыми-зерттеу ресурстарын, ғылым мен бизнестің тиімді өзара әрекетін, сондай-ақ инновациялық технологиялар трансфертін талап ететін міндеттерді анықтау.