Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Агенттік дерегінше, лауазымды тұлға пара алды деп күдіктеліп отыр.
«Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласы жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп күдіктенуде» делінген хабарламада.
Аталған сома Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін алу мақсатында берілмек болған.
Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.