«Кселл» АҚ басқарма мүшелері 2022 жылға 819 миллион теңге көлемінде сыйақы алды
Фото: kursiv.media
«Кселл» АҚ басқармасының жеті мүшесі 2022 жылы салық төлегенге дейін 819 миллион теңге табыс тапқан. Бұл жайлы KASE хабарлады.
«Осы хат арқылы «Кселл» АҚ 2022 жылға атқарушы орган мүшелерінің жалпы сыйақысы туралы ақпаратты ұсынады. Атқарушы орган – алқалы (басқарма). «KCell» АҚ атқарушы органына 2022 жылы төленген сыйақы мен өтемақылардың жалпы сомасы салықтарды есептемегенде 819068825,14 теңгені құрады», делінген KASE хабарламаcында.
Өткен жылы «Кселл» АҚ басқармасының мүшелері 200 миллионға аз алған. Ол жылы сыйақы көлемі 633,6 миллион теңгені құраған.
«Компанияның операциялық кірісі өсті. Өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға және 219 млрд теңгеден асты, бұл ретте сату рентабельділігі 2021 жылғы 16,7%-дан, 2022 жылы 18,2%-ға дейін артты. Біздің таза табысымыз 32,5 млрд теңгеден 40,4 млрд теңгеге дейін өсті, акцияға шаққандағы пайда 24,1%-ға көтерілді«, дейді «Кселл» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Буянов.