Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан 8 мыңға жуық адам үйлеріне орала алмай жатыр. Бұл туралы Іnterfax.ru хабарлады.
Рёхап агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяға жауған нөсердің салдарынан 44 адам қаза тапты. Сонымен қатар тағы алты адам іздестірілуде.
Нөсер 1,9 мыңнан астам ғимаратқа зақым келтірді. Биліктің мәліметінше, 330-дан астам үй қираған.
Сондай-ақ, нөсер жаңбыр салдарынан 32,8 мың гектардан астам ауылшаруашылық жерлерін су басты. Сонымен қатар,797 мың бас мал қырылды.