Жаңалықтар

Қашаған – стратегиялық актив. Үкімет оның тұрақты жұмысына ерекше назар аударады- Әлихан Смайылов

Фото: Үкімет

Премьер-Министр Әлихан Смайылов North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазармен және Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялардың басшыларымен кездесті.

Кеңес барысында Қашаған мұнай-газ кен орнын игерудің өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен бірге жиынға қатысушылар Қазақстанның экологиялық заңнамасының нормаларын сақтау, ағымдағы өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қашаған кен орнын кеңейту жобаларын іске асыру және өндіріс деңгейін ұлғайту жөніндегі шаралар жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, атап айтқанда, газ өңдеу зауыттарын салу мәселелесін төңірегінде кеңес құрды.

Премьер-Министр өз кезегінде консорциум компаниялары Қазақстанда жұмыс істеген жылдары көптеген экономикалық және әлеуметтік міндетті шешуге қатысып, тиімді серіктестер ретінде танылғанын атап өтті.

«Үкімет Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына және одан әрі игерілуіне ерекше назар аударады. Бұл – стратегиялық актив, сондықтан Қашаған кен орнының болашақ даму жобаларын уақытылы іске асыру біз үшін маңызды», деді Үкімет басшысы.