Жаңалықтар

Қазақстан банктерінде шетел валютасындағы депозиттер бір ай ішінде 90 млрд теңгеге қысқарды

Фото: kursiv.media

Қазақстандықтардың шетел валютасындағы депозиттері бір айда бірден 90 млрд теңгеге қысқарған.

Ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін қазақстандық банктердегі халықтың шетел валютасындағы депозиттері ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін 5,5 триллион теңгені құрады, бұл бір ай бұрынғыдан 89,5 миллиард теңгеге аз. Ай сайынғы динамика бойынша тек алты банк қана қара түсті, ал үшеуі айтарлықтай плюста болатын.

Ай сайынғы өсім бойынша абсолютті көшбасшы ForteBank. Ондағы өсім 19,6 млрд теңгеге артып, 365,7 млрд теңгеге дейін көтерілді. Айтпақшы, осы жылдың мамыр айында ForteBank АҚШ-тың ең ірі банкі JP Morgan Bank-тің халықаралық Swift жүйесінде доллар аударымдарының жоғары сапасы үшін «Еlite Quality Recognition Award» сыйлығын үшінші рет алды. 2022 жылы АҚШ долларындағы клиенттік аударымдардың 99,82%-ын банк халықаралық төлем стандарттарына сәйкес жүзеге асырды және сәйкесінше оны JP Morgan Bank автоматты түрде өңдеп отырды.

ForteBank-тің ұлттық валютадағы депозиттер сегменті де 8 млрд теңгеге артып, 414,4 млрд теңгеге дейін көтерілді. Нәтижесінде жеке тұлғалардың банктегі депозиттері 780,1 млрд теңгені (айына плюс 27,7 млрд) құрап, жалпы депозиттік портфель – 2 трлн теңгеге жуықтап, бірден 40,6 млрд теңгеге дейін өсті.

Шетел валютасындағы депозиттердің ай сайынғы өсімі бойынша екінші орында Freedom Finance Bank тұр. Ондағы өсім – 17,9 млрд теңгеге артып, 358 млрд теңгені құрады.

Үздік үштікті Jusan Bank тұйықтайды, оның өсімі 7,1 млрд теңге артып, 216,9 млрд теңге болды.

Үздік үштіктен бөлек, жақында валюталық операцияларды қайта бастаған ірі банктердің арасында «Береке» банк те бар. Ол қара түсте, ай сайынғы өсімі 580 миллион теңгеге жетіп, 23 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, шетел валютасындағы депозиттер көлемі Қытайдың Қытайдың коммерциялық және өнеркәсіптік банкінде – 309 млн теңгеге артып, 7,2 млрд теңгені құрады. Ал Қазақстандағы Қытай Банкінде – 38 млн теңгеге артып, 916 млн теңгені құрады.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне Қазақстанның 21 екінші деңгейлі банктерінің ішінен 19-ы қатысады. Жеке тұлғалардың барлық депозиттерінің 99,9%-ы немесе 17,4 трлн теңгесі осы банктердің үлесінде. Ол қаражаттың 31,4%-ы шетел валютасындағы депозиттер. Жүйеге қатысушы екі банк – Отбасы Банкі және Ситибанк Қазақстанның депозиттік портфелінде жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері жоқ.

Бір жыл бұрын ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін банктердегі жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері 4,1 трлн теңгені немесе жеке тұлғалардың осы банктердегі депозиттерінің жалпы көлемінің 32,9%-ын құраған болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктердегі депозиттері Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДҚҚ) кепілдігімен қорғалады.

Егер банк лицензиясынан айырылған болса, Қор салымшыларға өтемақы төлейді. Осылайша қор қаржылық тұрақтылыққа өз үлесін қосып, азаматтардың қазақстандық банк секторына деген сенімін сақтайды.