Қазақстан халықаралық климаттық серіктестікті нығайтады – ҰЭМ
Фото: kursiv.media
Нью-Йорк қаласында, БҰҰ штаб пәтерінде өткен форумда ҰЭМ Әлібек Қуантыров Қазақстанның тұрақты дамуға ұмтылысын растап, даму мақсаттарына бейілділігін растады, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.
Министр Қазақстан БҰҰ-ға мүше ел болғаннан бері ұйым Жарғысын ұстанып келе жатқанын және 2030 жылға дейінгі ТДМ күн тәртібіне лайықты үлес қосу ұмтылысы барын баса айтты.
«Барлық ТМД Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық басымдықтарына толығымен сәйкес келеді. Біз Мақсаттарға қол жеткізуді өзіміздің мемлекеттік жоспарлау жүйесінде 260-тан астам ұлттық индикаторларымызды әзірлей отырып, қарастырдық», деді ол.
ҰЭМ басшысы өзара тиімділік қағидаттарына негізделген өңірлік ынтымақтастық серіктестік Қазақстанның басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Сонымен бірге Қазақстан Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын ашу ұсынысы арқылы өзінің мақсатқа адалдығын көрсететінін айтты.
Сондай-ақ, Ә.Қуантыров Қазақстанның климаттың өзгеруіне төзімділік мәселесіне де тоқталды.
«Халықаралық климаттық келісімдер мен серіктестікті нығайту – Қазақстан үшін бірлескен тиімді шараларды жақсартудағы және жүзеге асырудағы негізгі қадамдар. Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 дейінгі ұлттық стратегиясында біз көміртегі ізін азайтуға және тұрақты күшті экономика қалыптастыруға сол арқылы халықтың денсаулығын жақсартып, климаттық тәуекелдерді азайтуға ұмтыламыз», деді ҰЭМ басшысы.
Сонымен қатар, министр Қазақстанның инклюзивті қоғам мен инфрақұрылымды дамыту, теңсіздіктің жүйелі мәселелерін шешу, адам мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту, тиісті институционалдық негізді белсендіру бойынша жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.