Экспорттаушылар Украинаға өз астығын Қара теңіз порттары арқылы қауіпсіз сатуға мүмкіндік берген «астық мәмілесі» («Қара теңіз астық бастамасы») тоқтатылғаннан кейін шетелдік сатып алушылардың қазақстандық бидайға деген қызығушылығы артты. Бұл туралы KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы Зейнолла Әбдіманапов мәлімдеді.
«Бір-екі апта бұрын сұраныс болған жоқ. Бірақ 18 шілдеде Ресей астық келісімінен шыққан кезде, Орталық Азияда, атап айтқанда Өзбекстанда қазақстандық бидайға қатысты белгілі бір қызығушылық бар», – деді Әбдіманапов.
KazGrain басшысының айтуынша, бидайдың экспорттық бағасы Қазақстанның астық экспорттаушылары үшін Өзбекстан бағытында – тоннасына 230 доллардан 235 долларға дейін өсті.
Бұл ретте ол өңірдегі экспорттық бағалардың одан әрі өсуінің қаншалықты маңызды болатынын болжау әлі қиын екенін атап өтті.