Ресей мен Қазақстан Қытайға мұнай тасымалдау жөніндегі келісімді 10 жылға созды

Жарияланды
транспортировка нефти
Shutterstock

Қазақстан Ресей Федерациясымен Ресей мұнайын Қытайға тасымалдау туралы келісімді 10 жылға ұзартпақ. Осындай құжат «Ашық НҚА» пораталында талқыланып жатыр.

Түсіндірме хаттамада транзиттік көлемдер, тарифтер мен есеп айырысуларды жаңарту қарастырылғаны айтылған. Келісімді Қазақстан атынан Энергетика министрлігі, ал Ресей Федерациясынан «Роснефть» компаниясы жүргізеді.

«Тараптар ресейлік тараптың уәкілетті ұйымының жылына 10 миллион тонна көлемінде ресейлік мұнайды ұзақ мерзімді тасымалдау үшін жағдай жасайды және оған тасымалдау бағыты бойынша магистральдық құбырлар жүйесіне Туймазы – Омбы – Новосибирск-2 – Прииртышск – Атасу – Алашанькоу магистральдық мұнай құбыры арқылы қол жеткізу құқығын береді», делінген хаттамада.

Құжатта 1-маршрут бойынша мұнайды тасымалдау құны тоннасына 2,1 АҚШ долларын құрайтыны және төлем тапсырманы төлеуге белгіленген күні Ұлттық банк белгілеген доллар бағамы негізінде төленетіні айтылған.

Жылына 10 миллион тонна мұнай тасымалдау жоспарына сүйене отырып, Қазақстан 10 жылда шамамен 210 миллион доллар табыс таба алады. Екі ел арасындағы бұл келісім 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін созылады. Ал «»Ашық НҚ» порталында құжат 2023 жылдың 1 тамызына дейін талқылауда болады.

2023 жылдың мамырында Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы «ҚазТрансОйл» компаниясы «Роснефть» компаниясымен Ресей Федерациясынан Қытайға жылына 10 миллион тонна мұнай тасымалдау туралы қосымша келісім жасасқаны хабарланған болатын. Ал осы жылдың мамыр айының ортасында «ҚазТрансОйл» «Роснефть» компаниясымен Қазақстан арқылы Қытайға ресейлік мұнайды тасымалдауға қатысты қызмет көрсету бойынша қосымша келісім-шартқа қол қойды.

Бұған дейінгі 2013 жылдың 24 желтоқсанында 10 жылға жасалған елдер арасындағы келісімге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. Ол кезде мұнай тасымалдау жылына 7 миллион тоннаны құраған болатын. Содан кейін екі тарап мұнай өклемін 10 миллион тоннаға дейін арттыру мүмкіндігін қарастыра бастады.

Сондай-ақ оқыңыз