«Шымкент жүрек орталығы» Назарбаев Университетінің меншігіне өтеді
«Шымкент жүрек орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін коммуналдық меншiктен «Назарбаев Университет» дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеді.
««Шымкент жүрек орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 100 (жүз) пайызы Шымкент қаласының коммуналдық меншiгінен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеусіз негізде берілсін», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.
«Шымкент қаласының әкімдігі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымымен (келісу бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын»-делінген хабарламада.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.