Жаңалықтар

S&P Global Ratings Кеңес Рақышевқа тиесілі компанияның рейтингін төмендетті

Фото: shutterstock

S&P Global Ratings Кеңес Рақышев жетекшілік ететін «Fincraft Group» ЖШС рейтингін төмендетті. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, болжам «Тұрақты».

«2023 жылдың 17 шілдесінде S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі серіктестіктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «В+»-ден «В»-ге дейін және ұлттық шәкіл бойынша рейтингті «kzBBB»-ден «kzBB+»-ге дейін төмендетті. Рейтингтердің өзгеруінің болжамы «Тұрақты» делінген хабарламада.

Fincraft Group» ЖШСКомпанияның қысқа мерзімді кредиттік рейтингі » В » деңгейінде расталған.

«Fincraft Group» ЖШС басым бағыттары ретінде активтерді тиімді басқару және компанияның қарқынды дамуын қамтамасыз ету арқылы тұрақты көпбейінді компанияның беделін сақтау және нығайту деп көрсетеді.

Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланған 1- сәуірге тән мәліметтерге сәйкес, компанияның жалғылық капиталы 107 714,00 теңге, меншікті капиталы 179 116,00 млн теңге, жиынтық активтері 345 634,00 млн теңге, жиынтық міндеттемелері 166 518,00 млн теңге.