Жаңалықтар

Абай облысында өрт сөндіру бекеттері ашылады

  Алдағы уақытта Абай облысының Бесқарағай ауданында екі өрт сөндіру бекеті ашылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

2025 жылға дейін өңірде осындай тағы 14 бекет құру жоспарланып отыр

«Қосымша, өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде баламалы тәртіпте 150-ден астам ерікті құралым мен 50-ден астам өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олар қажетті техникамен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған», – деді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.