Әлем бойынша бидай бағасы 9 пайызға қымбаттады
Фото: kursiv.media
Қара теңіздегі жағдайдың ушығуына байланысты бидай 9 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Интерфакс.
Сәрсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі Қара теңіздің халықаралық акваториясындағы бірқатар теңіз аймақтарын кеме қатынасы үшін уақытша қауіпті деп жариялағаннан кейін бидай бағасы күрт көтерілген.
«Қара теңіз суларында Украина порттарына бет алған барлық кемелер әлеуетті әскери жүк тасымалдаушы ретінде қарастырылады. Мұндай кемелердің туы бар елдер Киев режимі жағындағы украиндық қақтығысқа қатысқан болып саналады», деп мәлімдеді Ресейдің қорғаныс министрлігі. Қара теңіздегі гуманитарлық дәліз 20 шілде Мәскеу уақытымен 00:00-ден бастап жабылды.
Осыдан кейін Чикагодағы бидай фьючерстері шамамен 7,8%-ға өсіп, бір бушель үшін 7,22 долларға жуықтады. Бұған дейін сауда барысында өсім 9%-ға жеткен.
«Біз астық мәмілесін ұзарту екіталай деп санадық, бірақ бұл кезекті эскалация», деді Rabobank сарапшысы Майкл Магдовиц.
17 шілдеде Ресей «астық мәмілесінен» шығатынын мәлімдеді. Қара теңіз дәлізі арқылы осы мәміле негізінде әлемдік нарыққа 33 миллион тонна азық-түлік экспортталған. Ал енді бұл дәліз арқылы бидай тасымалдауға Ресей рұқсат бермей отыр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бидай Мәскеудің келісімінсіз экспортталатын болса, «әскери қауіп-қатерлерге» әкелуі мүмікн екенін мәлімдеді.
Қазақстандық экспорттаушылар Украинаға өз астығын Қара теңіз порттары арқылы қауіпсіз сатуға мүмкіндік берген «астық мәмілесі» («Қара теңіз астық бастамасы») тоқтатылғаннан кейін шетелдік сатып алушылардың қазақстандық бидайға деген қызығушылығы артқанын айтты. Бұл туралы KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы Зейнолла Әбдіманапов мәлімдеді. KazGrain басшысының айтуынша, бидайдың экспорттық бағасы Қазақстанның астық экспорттаушылары үшін Өзбекстан бағытында – тоннасына 230 доллардан 235 долларға дейін өскен.