Елдің қор нарығы ұлттық валютаның нығаюы негізінде қалпына келуде – ҚҚҚ

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі және жылжымайтын мүлік бағасының өсуі тоқтайды деген болжамдар аясында «көгілдір фишкаларға» деген сұраныс арта түсті, деп хабарлайды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Қауымдастық 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу жасаған. ҚҚҚ есебіне сенсек, тәуекелдің артуы аясында KASE индексі бірінші жартыжылдықты 10,9% екі таңбалы өсіммен аяқтаған. Ал AIXQI индексінің өсу қарқыны екі есеге төмендеп – 5,9% құраған.

Бірінші жартыжылдықта жергілікті инвесторлар арасында Халық банкі (+29,7%), ҚазТрансОйл (+14,8%) және Kaspi (+12,7%) акциялары ең көп сұранысқа ие болды. Айта кету керек, ағымдағы жылы бұл үш ұйым да акцияға дивиденд төлеу мөлшерін айтарлықтай арттырған.

Индекстік акциялармен (KASE+AIX) сауда-саттықтың жалпы көлемі ₸145 млрд құрады, ондағы 77% басым үлесті ҚМГ акциялары (111,2 млрд теңге) алып отыр. Одан кейін «Халық банкі» тұр. Оның үлесі 7,7% немесе 9,2 млрд теңгені құрайды. Ал «Қазатомөнеркәсіптің» үлесі 6,4% немесе 6,3 млрд теңге.

Сонымен қатар, екінші тоқсанда Орталық депозитарийде бөлшек сауда базасының өсімі күрт бәсеңдеді. Оның бірінші тоқсандағы көрсеткіші +6 мың болса, жарты жылдықтағы көрсеткіш – 135 мыңды құраған. Дегенмен ол AIX-те өсімін жоғалтпады. Ондағы көрсеткіш бірінші тоқсанда +113-ке қарсы +219 болды. Ал жарты жылдағы көрсеткіш – 333 мыңды құрады. Осылайша, шоттардың жалпы саны AIX CSD-де шамалы таралу қарқынымен 1,5 миллионға дейін өсті. (Барлық шоттардың 56% және Орталық депозитарийде қалған 44%).

Қор нарығының қалпына келуі және бөлшек инвесторлардың жоғары қызығушылығы аясында инвестициялық компаниялардың басқаруындағы жалпы активтер ағымдағы жылдан бастап 227 млрд теңгеге өсіп, 26,4%-ға артты және 1,1 трлн теңгені құрады. Алайда, ЖІӨ-гі үлесі бойынша бұл сома 2022 жылдың басындағы 1,2%-дан 1%-ға дейін төмендеген.

Тәуекелсіз қисық өзінің төңкерілген пішінін сақтап қалды, бірақ қисық сызықтың қысқа бөлігі (2 жылға дейін) 35–140 б.б. өсті. базалық мөлшерлеме деңгейіне жақындады, ал оның көлбеуі ұзақ мерзімді перспективада (10-20 жыл) 190-260 б.б. өсті. Бұл жүйедегі жоғары қарқындардың ұзағырақ кезеңін күтуді көрсетуі мүмкін.

Дәл осылай корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі (KASE_BMY) жыл басынан бері 134 б.б. өсіп, жылына 14,0%-ға дейін көтерілген.

Күрделі қаржылық жағдайларға қарамастан, корпоративтік облигацияларды орналастыру көлемі квазимемлекеттік сектордың, ХҚҰ, ЕДБ жекелеген өкілдерінің жоғары белсенділігінің қолдауымен 742 трлн теңгеге яғни 5,7 есеге дейін өсті.

Ал резидент еместердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, әсіресе, ҚҰБ ноталарына қатысты инвестициялары екі есе азайып, өте құбылмалы болып қалды. Сонымен қатар ФРЖ ақша-несие саясатының бағытын күтудегі өзгерістерге қатысты өте сезімтал.

Ел ішіндегі пайыздық мөлшерлемелерді төмендету циклінің күтілетін басталуы, заңнамадағы соңғы өзгерістермен қатар тұрғын үй нарығындағы жағдай біркелкі емес. (Өйткені 1 шілдеден бастап қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатының 50%-ға дейінгі бөлігін инвестициялық басқарушы жеке компанияларға аудара алады) Бұл қор нарығына өтімділіктің қосымша ағынының факторы ретінде қызмет етуі мүмкін. Тиісінше, екінші жартыжылдықта «көгілдір фишкаларды» одан әрі қалпына келтіру әлеуеті сақталады.

Елдің қор нарығы компаниялардың күшті қаржылық нәтижелері мен дивидендтер төлемдерінің ұлғаюы, бөлшек инвесторлар базасының жоғары өсуі және ұлттық валютаның нығаюы негізінде қалпына келуде. Оның өсуіне пайыздық мөлшерлемелерді төмендетудің басталуын күту және жылжымайтын мүлік бағасының өсуінің тоқтауымен қатар жүретін тұрғын үй нарығындағы белсенділіктің төмендеуі әсер етті.

Осының аясында инвестициялық компаниялар басқаратын жалпы активтер жыл басынан бері 227 млрд теңгеге өсіп, 1,1 трлн теңгені құрады. Алайда, ЖІӨ-нің үлесі ретінде бұл сома 2022 жылдың басындағы 1,2%-ға қарағанда небәрі 1%-ды құрады. Салыстыру үшін, АҚШ-та бұл көрсеткіш – 141%, Францияда – 96%, Польшада – 12%, Түркияда – 4%.

ЖІӨ-нің үлесі ретінде қор нарығындағы сауда көлемі айтарлықтай төмен болып қалып отыр – бар болғаны 0,3%. Ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш орта есеппен 85% құрайды. Мәмілелерді жүргізудің, брокерлік шоттарды ашудың қарапайымдылығын, қаржылық сауаттылық пен қазақстандықтардың әл-ауқатының біртіндеп артуы жағдайында өсу әлеуеті айтарлықтай болып қалуда.

Сонымен қатар, заңнамадағы соңғы өзгерістер (1 шілдеден бастап қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатының 50%-ға дейін инвестициялық басқарушы жеке компанияларға аудара алады) қор нарығына қосымша өтімділік ағынының факторы болуы мүмкін. Еске сала кетейік, 2021 жылдың 18 ақпаны мен ағымдағы жылдың 1 шілдесі аралығында БЖЗҚ-ға 8,9 млрд теңге аударылған, бұл БЖЗҚ-дан алынған қаражаттың жалпы сомасының (3,6 трлн теңге) 0,2%-ын ғана құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз