Жаңалықтар

ЕО Кеңесі Ресейге қарсы секторлық санкцияларды тағы 6 айға ұзартты

ЕО Кеңесі бейсенбіде Ресейге қарсы секторлық санкциялардың қолданылуын тағы алты айға – 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты, деп хабарлады кеңестің баспасөз қызметі.

«Шектеу шаралары «Ресей Федерациясы экономикасының белгілі бір секторларына қарсы» бағытталған», -делінген құжатта.

Кеңес қазіргі уақытта Санкциялар «қаржы, энергетика, технология және қос мақсаттағы тауарлар, өнеркәсіп, көлік және сәнді тауарларға қатысты шектеулерді қоса алғанда, секторлық шаралардың кең ауқымынан тұрады»деп атап өтті.

Сондай-ақ, шектеу шаралары аясында Ресей Федерациясынан ЕО-ға мұнай мен кейбір мұнай өнімдерін импорттауға немесе тасымалдауға тыйым салынады. Бірқатар ресейлік банктер SWIFT-тен ажыратылады, Ресей Федерациясының кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропалық Одақта таратылуы тоқтатылады. Сонымен қатар, Еуропалық одақ санкциялық режимді айналып өтуге жол бермеу мақсатында шаралар қабылдады.