Жаңалықтар

KASE төлем карточкаларының банкаралық жүйесін енгізеді

Фото: Kursiv.kz

Қазақстан қор биржасы алдағы уақытта төлем карточкаларының банкаралық жүйесін (ТКБЖ) енгізетінін хабарлады.

«Биржа ТКБЖ есеп айырысуларының аяқталуын қамтамасыз ету жүйесінде кепілді қамтамасыз етуді қабылдау, есепке алу және бақылау қызметтерін орындайтын болады», делінген Биржа таратқан ақапаратта.

Биржаның ТКБЖ шеңберінде қызметтер көрсетуін реттейтін ішкі құжат KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша орналастырылады https://kase.kz/ru/kase_rules/.

Бұл сілтемеде төлем карточкаларының банкаралық жүйесінде есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесінде кепілді қамтамасыз етуді қабылдау, есепке алу және бақылау қызметтерін көрсету қағидалары көрсетілген.

Осы орайда KASE банктердің ТКБЖ-ға қатысу шарттарының бірі Қағидаларға 1-қосымша болып табылатын төлем карталарының банкаралық жүйесінде есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесінде кепілді қамтамасыз етуді қабылдау, есепке алу және бақылау қызметтерін көрсету туралы Биржамен келісім-шарт жасасу болып есептеледі.

«Келісім-шарт – қосылу келісім-шарты болып саналады. Келісім-шартқа қосылу үшін Банктер Келісім-шартқа қосылу туралы өтінішті толтыруы, қол қоюы және Биржаға беруі тиіс. Өтініш сканері электрондық пошта арқылы clearing@kase.kz мекенжайына жіберіледі. Түпнұсқа – KASE-нің нақты мекенжайы бойынша Биржамен Келісім-шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысу туралы келісім-шарт жасасумен қатар жасалуы қажет», деп хабарлайды KASE.

ТКБЖ есептеулерінің аяқталуын қамтамасыз ету жүйесінде кепілді қамтамасыз етуді қабылдау, есепке алу және бақылау қызметтеріне арналған KASE презентациясы мына https://kase.kz/files/presentations/ru/card_payment_system.pdf сілтемеде жарияланған.