Фото: Ақорда
Президент Айдын Құлсейітовты жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.
Айдын Құлсейітов осыған дейін бірнеше лауазымды қызметтерде істеген.
2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық – Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2009-2014 жылдары – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»).
2014-2017 жылдары – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы.
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.
2019 жылғы 22 шілдеде Мемлекет басшысының Өкімімен Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.