Жаңалықтар

Үкімет азаматтарды жұмыспен қамтуға 1,6 млрд теңге бөлді

Фото: kursiv.media

Үкімет азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша әлеуметтік қолдауға облыстық бюджеттерге қаражат бөлді.

Бюджеттен барлығы 1 590 758 000 теңге бөлінді. Нақтырақ айтсақ, Астана қаласы мен Ақмола облысына – 82 133 000 теңге, Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды ​​облыстарына – 82 132 000 теңге, Алматы қаласына 100 386 000 теңге, Алматы облысына 100 385 000 теңге,
Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарына – 69 741 теңге, Шығыс Қазақстан облысы, Абай – 70 572 000 теңге, БҚО, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 69 740 000 теңге,
Түркістан облысына – 115 424 000 теңге бөлінген.

Ұлттық қордан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шараларды және республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берілетін трансферттердің мөлшері де өзгерген.

Тиісті түзетулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 574 қаулысымен 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштеріне енгізілді. Қаулы биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген.