Жаңалықтар

16,7 млрд залал келтірді деп айыпталған Шодиевтің қорғаушылары сот шешімімен келіспейді

Фото: kursiv.media

«Азия Кредит Банкіне» 16,7 миллиард теңге көлемінде залал келтірді деген күдікпен сот үкімі шыққан шешімімен келіспеген олигарх Орифжан Шодиевтің қорғаушылары аппелияциялық шағым түсіру үшін құжаттарды әзірлеп жатыр. Қорғаушылардың 26 шілдеге дейін аппеляцияға беруге құқы бар. «Курсив» тілшісіне бизнесменді қорғаушы тараптың мәлімдеуінше, сот адвокаттар ұсынған дәлелдерді есепке алмаған.

Істің мән-жайы: Шілде айында Алмалы аудандық соты Орифжана Шадиевті билікті асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп тапты. Оған өмір бойы қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқынан айыра отырып, қауіпсіздігі төмен колонияда жазасын өтеуге, 18 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның сыбайласы Михаил Соловьевке қатысты бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, 2019 жылы Патох Шодиевтің жиені Орифжан Шадиев «Asia Credit Bank» акцияларын бұрынғы иесі Сарыбай Қалмұрзаевтың ұлы Нұрбол Сұлтаннан сатып алды. Мәміленің бір ғана шарты болды – Сұлтан банкті аударады, ал Шадиев кепілде тұрған бірнеше несие бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Ол кезде 16 миллиард 699 миллион теңгенің мүлкі туралы сөз болған. Тараптар келісімге келіп, жаңа қожайын несиенің жалпы сомасын өтейтін Алматының жоғарғы бөлігінен 7 жер телімін банкке кепілге берген.

Алайда, кейін олигарх кепілді өзгертіп, банк активтерінің орнына Алматының элиталық таулы аймағындағы 100 гектардан асатын бір учаскені кепілге қояды.

«Банкпен Соловьев арасында жасалған кепіл мәмілесінде, Соловьев кепіл ретінде ұсынған жер учаскесінің нарықтық бағасы 46,8 млрд теңге деп асыра бағаланған, ал кепілдің құны 23,4 млрд теңге көлемінде екені анықталған», делінген үкім мәтінінде

Осылайша, Шадиев пен Соловьев жалған құжаттарды қолдану арқылы жер учаскесінің нарықтық құнын негізсіз көтеріп, AsiaCreditBank-іне 16,7 млрд теңгеге залал келтірді, деп санайды мемлекеттік айыптаушы.

Шадиев тарапы: сотта бизнесмен өз кінәсін мойнына алған. Алайда, банкке залал тигізу ниеті болмағанын айтып, соттан әділ шешім шығаруды сұрады. Соловьев кінәсін жартылай мойындады.

Сот үкімі бойынша сотталған екі азамат банкке 16,7 млрд теңге өтеуі керек. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Шодиев Capital Bank Kazakhstan мен AsiaCredit Bank-тің иесі болған. Capital Bank Kazakhstan лицензиясын қайтарып алғаннан кейін Ұлттық банк Шодиевтің үстінен 15,75 миллиард теңге өндіруді талап етіп, сотқа жүгінген. Бұрынғы банкир мен Ұлттық банк 2024 жылдың желтоқсанына дейін берешекті бес бөліп төлеуді көздейтін бітімгершілік келісімге келген, алайда 2022 жылы Жоғарғы сот бұл келісімді бұзды.