Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізбесін бекіту құзыреті Сауда министрлігіне берілді
«ҚР өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағасын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Әлихан Смайылов17 шiлдеде қол қойған қаулы жарияланды. Оған сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін ендігі жерде Сауда және интеграция министрлігі бекітетін болады.
«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағасын белгілеу қағидаларында: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары», делінген қаулыда.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағасын белгілеу қағидалары Үкімет қаулысымен биыл 28 наурызда бекітілген болатын.