AIX хабарлайды: ESG облигацияларын орналастыруға бастапқы жарна алынып тасталды

Жарияланды
Фото: shutterstock


Astana International Exchange 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін шығарылған ESG облигацияларға листинг және саудаға рұқсат беру комиссиялары алынып тасталады. Биржа Басқармасы сонымен қатар осы уақытқа дейін шығарылған құралдарға жылдық сауда комиссиясын 10 000 АҚШ долларынан 1000 АҚШ долларына дейін төмендету туралы, және олардың мерзімі аяқталғанша комиссияны осы мөлшерде қалдыру туралы шешім қабылдады.

«AIX биржасы ESG концепциясын ұстануға және барынша қолдауға ұмтылады. Біз күнделікті жұмысымызды ESG стандарттарына сай істеуге және ESG-ге байланысты құралдарды танымал етуге мүдделіміз. Бұл бастамамыз осы саланы дамытуға үлес қоссақ, және ESG принциптерін ұстанатын компанияларға өздерінің тұрақты даму жобаларын жүзеге асыруға қаражат тартуға көмектессек деген ниеттен туындап отыр», деді AIX басқарма төрағасының м.а. Әсел Мұқажанова.


2022 жылдың желтоқсан айынан бері AIX биржасының Бизнес Тәртібіне ESG бондтарды «ашық архитектура» құралымы бойынша шығару және листингілеу туралы бөлім енгізілді.

Бұл құрылым шығарушыларға халықаралық мойындалған стандарттар аясында түрлі құралдарды қолдана отырып өздерінің тұрақты даму жобаларына қаражат тартуға мүмкіндік береді. ESG бағалы қағаздарының қатарына әлеуметтік, тұрақты даму және жасыл бондтар кіреді.

ESG санатына жататын облигациялар туралы ақпаратты AIX вебсайтының Қағидалары мен Ережелері парақшасынан табуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз