Жаңалықтар

Amazon, Google, Meta, Microsoft өздері әзірлеген жасанды зерде қауіпсіздігін бақылайтын болады

Фото: архив kursiv.media

АҚШ-тың Amazon.com Inc, Microsoft Corp., Meta (SPB: META), Alphabet Inc. құрамына кіретін Google мен тағы үш компания жасанды зерде саласында өз шешімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздеріне ерікті түрде міндеттеме алды. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жазылғанын хабарлады Интерфакс.

Атап айтқанда, компаниялар жасанды зерде жүйесін іске қоспай тұрып, тексеруге міндеттелді. Олар сонымен қатар, жасанды зерде тәуекелдерін басқару туралы тәуелсіз сарапшыларды тартып, сала қатысушыларын, билік өкілдерін, қоғам өкілдерін құлақтандыруы тиіс. Сонымен қатар, киберқауіпсіздікке инвестиция салып, өз жүйелерінің әлсіз тұстарын анықтауға ықпал етуі тиіс.

Бұған қоса, компаниялар кәдімгі контентті жасанды зерденің көмегімен жасалған контенттен ажырата алатын механизмдерді әзірлеуі тиіс. Онда айырма белгілер болуы тиіс. Сонымен бірге өздерінің жасанды зерде жүйелерін лайықты және лайықсыз қолдану түрлері мен шектеулері, мүмкіндіктері туралы жария ақпарат беруі тиіс.

Жоғарыда аталған фирмалардан өзге ChatGPT танымал ботын әзірлеген OpenAI және Anthropic және Inflection стартаптары да жасанды зердені қолданумен байланысты қоғамдық тәуекелдерді талдауға айрықша көңіл бөлуге міндеттелді.

Адамдардың шығармасына ұқсас мәтіндер, жаңа бейнелер тудыру мүмкіндігі бар жасанды зерде инструменттеріне салынған коммерциялық инвестициялардың күрт артуы адамдардың таңданысы тудырып қана қоймай, қолданушыларға жалған ақпарат беріп, адастыруы мүмкін деген алаңдаушылық тудырды деп жазады Associated Press