Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекітті.
Есептік күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы 60 000 еселенген АЕК-тен асатын және 1 500 000 еселенген АЕК-тен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін мүшелік жарна есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 160 АЕК мөлшерінде бектілген.
Есептік күнтізбелік жылдағы жиынтық жылдық кірісі 1 500 000 еселенген АЕК-тен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жарна көлемі 4 400 АЕК мөлшерінде болады.
Бұрын мүшелік жарналардың мөлшерін Үкімет белгілейтін болса, енді бұл функциялар әкімшілік реформа аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне берілді.
Ұлттық экономика министрлігінің бұл бұйрығы 31 шілдеден бастап қолданысқа енеді.