Қатты желдің салдарынан кейбір ауданда ағаштар құлады, бұл тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольттың ажырауына әкелді, соның нәтижесінде Алматының тұтынушылары электрден ажыратылды. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшті.
Электр қуатынсыз қалған аудандарды «АЖК» АҚ сайтының картасынан көруге болады.
Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2 сағатта қосу жоспарланған.